"Елде тәртіп жоқ, әркім өз білгенін істеп жүр": Алматыда төбелестен қайтыс болған жігіттің туыстары билікке жанайқайын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елде тәртіп жоқ, әркім өз білгенін істеп жүр": Алматыда төбелестен қайтыс болған жігіттің туыстары билікке жанайқайын жеткізді

"Елде тәртіп жоқ, әркім өз білгенін істеп жүр": Алматыда төбелестен қайтыс болған жігіттің туыстары билікке жанайқайын жеткізді

Марқұм Дінмұхамедтің 80-нен асқан атасы Есенгелді Әбдірәшімов немересінің өліміне елдегі тәртіпсіздік пен жүгенсіздікті кінәлап отыр.

  • 6 Мамыр
  • 3
Фото: Instagram/kyn.kz

Ол келешекте жастардың болашағына қорқатынын жасырмай айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол Kyn.kz медиа порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Менің өзімде төрт ұл бар, мынау үшінші ұл. Димаш үшінші ұлдың баласы. Мектепте өте үлгілі, тәртіпті, мектептің беткеұстар баласы болды. Мектепте мектептің преизденті болды. Оның анау-мынау, теріс қылықтары болған емес.

Сол күні құдай сездірді, ұшып-қонып бір жерден Ақбұлаққа келдік. Ертеңінде сағат 9-да, көршісі дарбазаны қаққанда сындырып кете жаздады. «Бұған не көрінді?» деп далаға шықсам, балаңыз пышақталып, қазір полицияда жатыр дейді.

Ұшып-қонып үйге келсек, келінім ойбайлап жылап отыр. Ендігі біздің әулеттің айтары — бұл тергеу әділ әрі әділетті болғанын қалаймыз. Бұл елде идеологиялық тәртіп болмағандықтан дәл осылай болып тұр. Елде идеология, тәртіп жоқ. Әркім өз білгенін істеп, қолынан келгенін жасап жүрген заман болды. Жоғары жақтың дәрменсіздігі, әлсіздігі осыған әкеп тұр ғой.

Үкіметтің әлсіздігі, бұл бізде ғана болған жағдай, ондай жағдайлар Қазақстанда қаншама. Не болмай жатыр, бәрі болып жатыр. Осылай кете берсе, біз қазақ боламыз ба, жоқ боламыз ба? Болашағымызды құртып жатыр, келешек балаларымыздың тамырын құртып жатыр», — деп жанайқайын жеткізді қария.