Жанқош Тұраров өзін “зорлады” деп айыптаған Әнару Құрманәлі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанқош Тұраров өзін “зорлады” деп айыптаған Әнару Құрманәлі туралы айтты

Жанқош Тұраров өзін “зорлады” деп айыптаған Әнару Құрманәлі туралы айтты

Қазақстандық боксшы өзін “зорлады” деп айыптаған Әнару Құрманәлі туралы айтты.

  • 14 Мамыр
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Лас, алып қашпа сөздер шаршатты. Арызданушымен төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым қатынас та болған емес”, — деді боксшы.

Тұрпров сториздегі пікіріне адвокаты Самат Мамытовтың баспасөз мәслихатынан видеоны қоса жариялаған. Онда боксшының іс бойынша қорғану құқығы бар куәгер мәртебесінде өтіп жатқаны айтылған.

«Оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ, тек сотқа дейінгі тергеу органдарына келіп тұру міндеттемесі бар», — деп түсіндірді адвокат Мамытов.

21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров үстінен 28 жастағы қыз арыз жазып, спортшы “зорлады” деп айыптағаны туралы ақпарат тарады. Боксшының өзі Instagram-да бұл айыптаудың бәрін жоққа шығарып, мұның жала екенін мәлімдеді.