Эфиопиядан шыққан жасөспірімнің оқиғасы расымен де шабыттандырады. Ол қоқысқа тасталған заттар мен ескі киімдерден ерекше сән образдарын жасап, миллиондаған адамның қызығушылығын тудырды. Жас стилист әрі дизайнер қарапайым қалдықтарды қалайша сән индустриясына лайық дүниеге айналдыра білді? Caravan.kz медиа порталының тілшісі жалғастырады.
Эфиопиялық жас талант Kalu Putik қысқа уақыт ішінде ерекше креативімен кеңінен танылды. Ол жұпыны ауласын подиумға айналдырып, секонд-хендтен табылған ескі заттардан әлемдік сән көрсетілімдеріне лайық образдар жасап келеді. Оның жұмыстары жаһандық фэшн қауымдастығының назарына да ілікті.

Жасөспірім образ жасау үшін қолда бар кез келген материалды пайдаланады. Тозған аяқкиімдер, ескі сөмкелер, мата қиындылары мен лақтырылған киімдер оның қолында жаңа сән үлгісіне айналады. Ол кең пішімді шалбарлар, жилеттер, ерекше аксессуарлар жасап, толыққанды сән образдарын құрастырады.
Kalu Putik әр видеосын шағын сән көрсетілімі секілді ұсынады. Ол образдарын пластикамен, би қимылдарымен және ерекше атмосферамен толықтырып, қарапайым түсірілімнің өзі тұнып тұрған өнер.

Желі қолданушылары оның стилін Balenciaga мен Yeezy эстетикасына, сондай-ақ Subway Surfers ойынының кейіпкерлеріне ұқсатады. Екі айдың ішінде оның Instagram парақшасына 5,2 миллион адам жазылған. Әр видеосы тұрақты түрде 100 миллионнан астам қаралым жинайды.
Көпшілік жасөспірімнің қиялы мен талантына тәнті. Пікір жазғандар оның қарапайым қоқыстан әлемдік подиумға шығуға лайық дүниелер жасап отырғанын айтуда. Жанкүйерлері тіпті нейрожелі арқылы түрді видеолар дайындап, жігітті Таймс-сквердегі жарнамаларда немесе әйгілі люкс брендтердің ресми кампанияларында елестете бастаған.
