Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін орындар аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін орындар аталды

Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін орындар аталды

Астанада жаңа әуежай салу үшін бірнеше ықтимал алаң қарастырылып жатыр

  • 15 Мамыр
  • 3
Фото: ЖИ

Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, екінші әуе айлағы салынатын нақты орын әзірге анықталған жоқ, бірақ қаланың өсуін ескерсек, оның құрылысына деген қажеттілік қазірдің өзінде байқалады.

«Жақын болашақта, әрине, қаланың өсуін ескере отырып, екінші әуежай қажет болады. Бірақ әзірге орны анықталған жоқ», — деді Өтебаев үкіметтің кеңейтілген отырысының кулуарында.

Қазір мамандар елорда төңірегіндегі бірнеше бағытты зерделеп жатыр:

  • Қосшы ауданы;
  • Қарағанды тасжолы бағыты;
  • Павлодар тасжолы бағыты.

Әкім орынбасарының сөзінше, бұл тек алдын ала нұсқалар.

Шешім нақты қашан қабылданатыны әзірге хабарланған жоқ.

«Жұмыс жүргізіліп жатыр. Сарапшылар тобы осы мәселемен айналысып жатыр», — деп толықтырды Ерсін Өтебаев.

Еске сала кетейік: 2025 жылдың желтоқсанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін екенін айтқан болатын. Қала басшысының айтуынша, бірнеше әуежай салу тәжірибесі әлемдегі ірі астаналардың көбіне тән. Елорданың бас жоспарында әуе айлағының ықтимал құрылысы үшін перспективалы учаскелер қарастырылған.

Сол кезде жаңа әуе айлағын Қарағанды тас жолының бойында орналастыру жоспарланып жатқаны хабарланған болатын.