"Бір фото-видео салсаң, кімге, не дәлелдеп жүрсің деп айтады": Қабатовтың тоқалы желіге қайта оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір фото-видео салсаң, кімге, не дәлелдеп жүрсің деп айтады": Қабатовтың тоқалы желіге қайта оралды

"Бір фото-видео салсаң, кімге, не дәлелдеп жүрсің деп айтады": Қабатовтың тоқалы желіге қайта оралды

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман Талғатқызы бірнеше күннен бері желіден жоғалып кеткен еді.

  • 15 Мамыр
  • 3
Фото: Instagram/t_a_d_d_s_

Ол желіге шықпауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қыздар, барлықтарыңызға солай айта ма? Бір фото-видео салсаң, кому, что дәлелдеп жүрсің жатырсың деп бәрі? Неге мен фото салсам, бірден солай ойлайсыздар? Демек, бүкіл инста адамдарына, қоғамға деген көзқарастарыңыз солай болғаны ма?», — деді ол.

Сонымен бірге ол желіден «жоғалу» себебін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл күндері оның желідегі аккаунты блокқа түсіп қалған. Осы күндерді пайдаланып, ол отбасымен бірге демалысқа аттанған көрінеді.

Айта кетейік, күні кеше Қабатовтың екінші әйелімен ажырасқаны туралы хабар тараған еді. Сондай-ақ, жайдарманшының Мөлдір Мұқанға қайта оралғаны туралы ақпарат тараған болатын.