"Олар адамды бөледі, орамалда болмасаң сенімен араласпайды" - Танымал блогер хиджабтағы әйелдер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Олар адамды бөледі, орамалда болмасаң сенімен араласпайды" - Танымал блогер хиджабтағы әйелдер туралы

"Олар адамды бөледі, орамалда болмасаң сенімен араласпайды" - Танымал блогер хиджабтағы әйелдер туралы

Танымал Блогер Аека Пош хиджабтағы әйелдер туралы ашық айтты.

  • 18 Мамыр
  • 26
Видеодан скрин

Блогердің сөзінше, ол хиджабын шешкен кезде “орамалдағы бауырлары” оны қатаң сынға алған.

Бұл туралы ол Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Жылдар бойы орамалда жүргендер, мен сол кезде араласқан жандар үшін менің орамалда болғаным маңызды болған. Мен орамалымды шешкен кезде бәрі өзінің пікірін жазып, үлкен хейт болды “күнәһар” деген сияқты. Ол әпкелерді оқып, дінге деген қандай да бір жек көрушілік пайда болады. Мен қазір олармен мүлдем араласпаймын, сөйлеспеймін. Олардың адамдарды бөлетінін, орамалда болмасаң сенімен араласпайтынын түсіндім”, — деді блогер.

Сондай-ақ, блогер хиджабын шешкен кезін еске түсірді.

”Мен қатты шаршап, маған бәрібір болды. Хиджабты шештім, сонымен болды. Әлеуметтік желіде не деп жазатындары маған қызық болған жоқ. Адамдардың жазғандарына уайымдамадым да, тіпті жыламадым да. Қатты шаршаған болуым керек, бұл жағдайға қарапайым жайт ретінде қарадым. 2-3 күн адамдар талқылап, сосын мені осылай қабылдады”, — деді блогер.