”Отбасыма тыныштық бермеді”: Сұлтан Сәрсемалиев 4 адамды не үшін өлтіргенін айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Отбасыма тыныштық бермеді”: Сұлтан Сәрсемалиев 4 адамды не үшін өлтіргенін айтып берді

”Отбасыма тыныштық бермеді”: Сұлтан Сәрсемалиев 4 адамды не үшін өлтіргенін айтып берді

Атырауда 4 адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиев қылмыс жасауының себебін түсіндірді.

  • 18 Мамыр
  • 11
Видеодан скрин

Бұл туралы ол бүгін Атырауда өтіп жатқан сотта айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Әйеліммен 10 жыл тату тұрдық. Әйелімнің отбасы шектен тыс араласты. Сонда да біз бөлінгіміз келмей, бірге тұра бердік. Сонда да қайта, қайта қоқан-лоққы көрсетіп, отбасыма араласуын тоқтатқан жоқ. Осы қылмыстың барлығы әйелімді менен тартып алып, 5 баламды саған да, маған да жоқ деп қылмыс осыған алып келді”, — деді айыпталушы.

Естеріңізге сала кетейік, 40 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды. Ол бұрынғы әйелінің 4 туысын — ата-анасын, інісін және әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр.