Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

  • 18 Мамыр
  • 2
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ол сәрсенбі, 20 мамырда өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Конституцияның 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10:00-де Астана қаласында Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.

Парламент қос палатасының бұған дейінгі бірлескен отырысы жұма, 15 мамырда өткен болатын. Сенат пен Мәжіліс депутаттары бірнеше конституциялық заң жобасын қарады.