Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

  • 21 Мамыр
  • 7
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

«Отан» орденімен

Бурмистрова Татьяна Николаевна – «Ұлттық өнер» ЖШС директоры, Алматы қаласы;

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК солисі, Астана қаласы;

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен 

Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК актрисасы, Алматы қаласы;

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді

Қожа Бахтияр Абдуллаұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы

Макарова Нина Матвеевна – «А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры» КМҚК актрисасы

Сейітметов Азат Райымбекұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК актері, Алматы қаласы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді

Бейсембаев Ерлан Ғабитұлы – «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Астана қаласы

Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК қазақ оркестрінің дирижері

Жармағамбетов Расул Қайратұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ жетекші солисі

Исмайылов Өмірәлі Дәуренбекұлы – «Астана қаласының суретшілер одағы» ҚБ төрағасы

Қалиев Серік Әкрамұлы – «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК қызметкері, Алматы қаласы

Овчинников Олег Николаевич – Қазақстанның Православ Шіркеуі Митрополиттік хорының регенті (бас дирижері)

Олексенко Игорь Владимирович – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ доценті, Алматы қаласы

Тоқымтаев Базарбек Сләмбекұлы – «Б.Римова атындағы Академиялық драма театры» МКҚК актері, Талдықорған қаласы;

 «Парасат» орденімен 

Әбілханова Салтанат Аябекқызы – «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ аға оқытушысы, Астана қаласы

Ким Римма Ивановна – «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» РМҚК актрисасы, Алматы қаласы

Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ доценті, Астана қаласы;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

Кюршад Зорлу –  Түркия Республикасының Әділдік және даму партиясы төрағасының орынбасары;

«Құрмет» орденімен

Бахаров Дилмурат Нурахметович – «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК директоры, Алматы қаласы

Дайыров Сәбит Сергебайұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ концертмейстері

Дияров Ермек Сатыбалдыұлы – «Дервиши» тобының қатысушысы, Алматы қаласы

Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы

Қабыкенова Айнаш Жақсылыққызы – «Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы» МКҚК М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі-аспапшысы

Қалиева Ая Жәкенқызы – «Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК директоры

Мәжит Асан Маратұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК актері,  Алматы қаласы

Оразбеков Дастан Дәрібайұлы – әнші, Астана қаласы

Өтепберген Аян Өмірәлі – Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК актері

Рахмет Сұраған – ақын, Астана қаласы

Салықов Медет Тілеубекұлы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Астана қаласы

Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы – «Астана Балет» театры» ЖШС жетекші солисі

Төлегенов Нұрлан Құрманәліұлы – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әшім Әлия Мейрамғазықызы – журналист, Астана қаласы

Көпберген Жасұлан Ерболұлы – театр және кино актері

Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызы – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры

Сәдірбаев Нұржас Майрамбекұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК актері;

«Шапағат» медалімен

Безаубек Сәния Серікқызы – «Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ басшысы

Крапп Мария Владимировна – суретші, Тараз қаласы

Лутошкина Марина Васильевна – «Семья Лутошкиных» бастамашыл тобының волонтері

Малышева Ольга Витальевна – театр шолушысы, Алматы қаласы

Сапорито Ренато – «Magister Art» президенті.