"30 жылда бір де бір мемлекеттік награда алмағаным көп адамды таңқалдыратын": Ақбота Керімбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"30 жылда бір де бір мемлекеттік награда алмағаным көп адамды таңқалдыратын": Ақбота Керімбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті

"30 жылда бір де бір мемлекеттік награда алмағаным көп адамды таңқалдыратын": Ақбота Керімбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті

Әнші Ақбота Керімбекова “Парасат” орденін алды.

  • 22 Мамыр
  • 132
Фото: instagram.com/botakerim

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығымен Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. Ол сахнада жүрген 30 жыл ішінде алғаш рет мемлекеттік награда алғанын айтқан.

«Тыңдармандарым! Бүгін мені ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева “Мәдениет және өнер қызметкерлері” күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президентінің Жарлығымен берілген “Парасат” орденімен наградтады. Бұл — әрине, мен үшін үлкен қуаныш! Өнерде жүрген 30 жылға жуық уақытымда бір де бір мемлекеттік награда алмағаным көп адамды таңқалдыратын. Оған ең әуелі өзімнің ынтамның, онан соң, талпынысымның болмағаны, ешқашан атақ алу үшін еңбек етпеуім себеп еді. Бірақ, халықтың ықыласы, бағасы өнер адамын мерей-мәртебесіз қалдырмайды екен. Бүгін бұйырды. Сол үшін бұл марапат менің емес, тыңдармандарымның марапаты деп есептеймін. Өнерге қадам басқан жылдарымнан бері маған кәсіби білім берген, тәжірибемді қалыптастырған ұстаздарымның, шығармашылық ұжымдардың, жақсы әндерін ұсынған авторларымның, біздің шығармашылығымызды насихаттаған өнер жанашырларының, әкем мен анамның да марапаты — бұл! Рақмет, ризамын!


Мәдениет саласында еңбек етіп жүрген әрбір еңбеккердің қадамын бақылап, бағалап отыратын Президентімізге, өнердің барлық саласына жанашыр министрімізге зор алғыс! Тарихы терең, тағылымы мол ұжымым — Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” МКҰ-на көп рақмет!», — деп жазды ол.

Әншінің әріптестері мен тыңдармандары әлеуметтік желіде ыстық лебіздерін жарыса жазуда.

«Шын жүрегіммен құттықтаймын, Боташым!Сен мұндай құрметке өте лайықсың!», «Құтты болсын, Ақбота ханым, әбден лайықсыз», «Сізде осы күнге дейін мемлекеттік награда болмағаны өкінішті екен. Ештен кеш жақсы деген, құтты болсын», «Өнердегі еңбегіңіз бағалана берсін, керемет», — деп жазды олар.