"Қызымсыз өмір жоқ": Маскадағы адам тағы бір мұқтаж жанға үй сыйлап, қуантты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызымсыз өмір жоқ": Маскадағы адам тағы бір мұқтаж жанға үй сыйлап, қуантты

"Қызымсыз өмір жоқ": Маскадағы адам тағы бір мұқтаж жанға үй сыйлап, қуантты

Қазақстандықтар маскалы адамның тағы бір қайырымдылық ісіне тәнті болды.

  • 22 Мамыр
  • 3
Фото: Instagram/alashkznews

Маскадағы адам қызы обырмен күресіп жатқан жалғызбасты әкеге баспана мен қызының отасына қажет қаражат сыйлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

44 жастағы Жамал үшін өмір ауыр сынаққа айналды. Оның қызы онкологиялық аурудың 4-сатысымен күресіп жатыр. Баспанасы жоқ отбасы шиномонтаж орнында күнелтіп келген.

«Қызыма Түркияда шұғыл ота жасау керек. Құны – 18 миллион теңге. Менің жалғыз тілегім – қызымның амандығы. Қызымсыз өмір сүре алмаймын…», – дейді көзіне жас алған әке.

Осы сәтте ел арасында «бетперделі жігіт» атанып кеткен қайырымды жан отбасының тағдырын өзгертті. 

Ол Жамалдың отбасына үй сыйлап, қызының еміне кететін барлық шығынды өз мойнына алды.