Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаға сәйкес, Энергетика министрлігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті көтерме бағасын бұрынғы деңгейде қайта бекітуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 59 722 теңге көлемінде белгіленген.
Құжат жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.