"Құттықтамақ түгілі, бізді жұмыстан қуып шықты": Тағы бір спортшының бапкері боксшы Василий Левит басқарып отырған басқарманың былығын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құттықтамақ түгілі, бізді жұмыстан қуып шықты": Тағы бір спортшының бапкері боксшы Василий Левит басқарып отырған басқарманың былығын әшкереледі

"Құттықтамақ түгілі, бізді жұмыстан қуып шықты": Тағы бір спортшының бапкері боксшы Василий Левит басқарып отырған басқарманың былығын әшкереледі

Қазақстанда спортшылар мен олардың бапкерлеріне қатысты дау ушығып барады.

  • 1 Маусым
  • 4
Коллаж: Caravan.kz

Енді мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның бапкері Эльмира Тұрғанова өзінің жұмыстан қуылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның сөзінше, ол универсиедаға шәкіртін апарып келген соң, жұмысынан босаған. Бапкер жалпы қазақстандық спортта былықтың көп екенін жайып салды.

«Құрметті отандастар, менің жақындарым мен әріптестерім! Қазір Михаил Шайдоровқа қатысты шу болып жатыр. Ол рас, себебі мен өзім осы жүйеде болғадықтан, бар былықты білемін. Мен өзім де осы жүйеден жапа шеккен адамның бірімін. Мен бұған дейін Софья Самоделкинаның жеке бапкері болып қызмет еттім.

2025 жылдың қаңтарында біз бүкіләлемдік универсиадаға барып, үшінші орын алдық. Сол үшін бізді құттықтамақ түгілі, жұмыс орнымда 3 сағаттан артық болмағаным үшін, жұмыстан шығарып жіберді», — деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанадағы спорт басқармасын спортшы Василий Левит басқарып отыр.