Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
«2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады», — деп жазылған хабарламада.
Статистика мамандарының айтуынша, есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.
Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.
Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары мен Шымкент қаласы (5%) бар.