Қазақстанда балмұздақтың экспорты мен өндірісі артты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балмұздақтың экспорты мен өндірісі артты

Қазақстанда балмұздақтың экспорты мен өндірісі артты

Биыл қаңтар–сәуір айларында қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаға жетті

  • 10 Шiлде
  • 2
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Биыл қаңтар — мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Ең көп өндірген аймақ Алматы облысы, жалпы өндірістің 66,3%. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы және Ақмола облысы.

Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ пен пломбир құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең.

«Биыл қаңтар–сәуір айларында қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тонна болып,, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық», — дейді бюро.

Экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті.

Экспорттың 99,9% ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ Қырғызстанға экспорт 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті.