"Өзімді депутат деп көрмеймін": ИК мүшесі не себепті партияға мүше болғанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзімді депутат деп көрмеймін": ИК мүшесі не себепті партияға мүше болғанын түсіндірді

"Өзімді депутат деп көрмеймін": ИК мүшесі не себепті партияға мүше болғанын түсіндірді

Әйгілі “Ирина Кайратовна” тобының солисі әрі продюсері Азамат Маркленов Respublica партиясының мүшесі болды.

  • 10 Шiлде
  • 1
Фото: Instagram/kyn.kz

Өнер иесі не себепті партия мүшесі атанғанын түсіндірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, енді ол партияның креативті индустрия саласына жауапты болмақ.

Өнер азаматы өзі еңбек ететін салада мәселе көп екенін, оларды шешу бойынша қандай заңдар ұсынатынын алдағы уақытта ойлана келіп айтпақ. Қазірге партия басшылығымен ұстанымдары бір екен, алдағы уақытта жемісті еңбек етеміз деп отыр.

«Көреміз, әлі ештеңе айта алмаймын, мүмкін басы қатты, аяғы тәтті болады. Әзірге депутат ретінде көрмеймін»,- деп қысқа қайырды өнер иесі.

Айта кетейік, елімізде бірқатар әншілер мен өнер иелері сайлау алдында партия мүшелері атанып, елдің қызу талқысына түскен еді. Олардың қатарындат әнші Аша Матай мен Тамара Асар да бар.