Бұл туралы ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Ер азамат үшін отбасы деген бірінші нәрсе. Отбасы, әлем, бала әйел үшін деп жатамыз. Бүкіл туған-туыс әйел үшін деп жатамыз. Ол әйел үшін емес, еркек үшін. Подкаблучник бол деп жатқан жоқпын, болсаң да технично бол. Подкаблучник емес еркек жоқ қой. Ол әйеліне жаны ашу, әйелі мен баласына қамқор болу, көмектесу”, — деді журналист.
Ол сондай-ақ, ажырасқан әйелдер туралы айтқан пікірін түсіндіріп берді.
”Еркек деген біз үшін статус, одан кейін біздің қорғанымыз. Ер адамның болғаны маңызды. Әйелдердің барлығы бірдей, тек даналық қонған әйел ым-жымсыз бәрін реттейді. Жауапкершілігі бар еркек ол әйелін аңыратпайды, баласын шулатпайды, қақсатпайды. Ажырасқан әйелдер маған ренжімесін, өздері де біледі. Салиқалы әйелдерден күйеуді алып кетіп, азғырып жатқан әйелдер бар. Соны жасап жатқан күйеуі бар әйелдер емес қой, басы бос болғасын жасап жатыр. Кафелерге барғанда темекіні бұрқыратып, арақты ішіп отырған қаншама әйелдерді көріп отырмыз. Өтірік па? Өтірік емес”, — деді Меруерт Әйтенова.