"Әп-әдемі қызын тұмшалап тастаған, дінге кіріп кеткен": Қызын хиджабпен ұзатқанн Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.4
  • 539.39
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әп-әдемі қызын тұмшалап тастаған, дінге кіріп кеткен": Қызын хиджабпен ұзатқанн Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

"Әп-әдемі қызын тұмшалап тастаған, дінге кіріп кеткен": Қызын хиджабпен ұзатқанн Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

Әнші Алтынай Жорабаева күні кеше желіде қызын ұзататынын айтып, желіде сүйінші сұраған еді.

  • 28 Шiлде
  • 5
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Желіге қызының құдалығынан сурет жүктеген ол, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Әншінің сөзінше, ол қызын қазақы дәстүрмен шығарып салмақ болған.

«Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық. Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін», — деп жазды ол.

Десе де, көпшілік оның қызының хиджаб кигеніне қатты наразы болған. Олар: «Дәстүр — қазақтыкы, киім — арабтан», «Әп-Әдемі қызыңызды осынша тұмшалап тастағаныңыз не?», «Қазақтың бір көйлегі табылмады ма?» деген пікірлерін жаудырып жатыр.