Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 14 шілдедегі бұйрығымен ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтар мен өзге де ұйымдардың 2026 жылға арналған тізіміне өзгерістер енгізілді.
Ғылыми зерттеулердің барлық бағыты бойынша тағылымдамадан өтуге болатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді.
Тізімге тағы екі жоғары оқу орны енгізілді:
- Ковентри университеті (Coventry University), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;
- Шэньчжэньдегі Гонконг Қытай университеті (The Chinese University of Hong Kong, Shenzhen), Қытай Халық Республикасы.
Бұйрық 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.