Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Министр 14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталғанын атап өтті. Бұл жұмыстарды Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай 1 қазанға дейін бастау күтілуде. Оның сөзінше жалпы, жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры және «негізгі» жабдықтардың құрамы қалыптастырылды. 17 мың шақырым электр беру желілерін жөндеу толық көлемде орындалды, тоғыз қосалқы стансадағы жұмыстар аяқталу сатысында.
Сондай-ақ жоспардағы 377 шақырым жылу желілерінің жалпы дайындығы 97% немесе 366 шақырымды құрайды. Өз кезегінде, дайындық бойынша бірқатар өңірлер Энергетика министрлігі мен Үкіметтің ерекше бақылауында.
«Мәселен, өткен аптада Сәтбаев қаласында жылу магистралін жаңғырту толық аяқталды, қазіргі уақытта желіні тазалау және қысыммен сынау жұмыстары жүргізілуде. Петропавл қаласының жылу магистральдары бойынша дайындық 95%-ды құрайды, барлық жұмыстарды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Семей қаласындағы үш жоба бойынша есепті апта ішінде жұмыстар 15%-ға орындалып, жоспардың орындалуы 70%-ды құрайды. Сонымен бірге сутартқыш құрылғылары мен жылу алмастырғыштарды жеткізу тек 26 қыркүйекте күтілуде. Бұл ретте, өңір әкімдігіне жабдықтарды жеткізуді жеделдету қажет. Степногорск қаласында өткен апта ішінде жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары 24% орындалып, желінің жалпы дайындығы 76%-ды құрады. Аяқтау мерзімі осы жылғы 25 қыркүйекте күтілуде», — деді министр.
Осыған байланысты, өңірлерге жөндеу жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтау қажет. Министрлік тарапынан жөндеу жұмыстарының барысын шығу арқылы күнделікті бақылау жалғасатын болады.