Тоқаев Құрылтай сайлауына баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Құрылтай сайлауына баға берді

Тоқаев Құрылтай сайлауына баға берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесу барсында Құрылтай сайлауына баға берді.

  • 24 Тамыз
  • 1
фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент қазір еліміз тарихи өрлеу кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

«Біз бір ел, бір халық болып ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Жаңа Конституциямызды қабылдадық. Еліміздің бас құжатында ғылым мен білімге, инновацияға басымдық бердік. Ең бастысы, жаңа Конституция өскелең ұрпақтың игілігі үшін жазылды. Кеше ғана тарихымызда тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтті. Бұл сайлау сәтті, мінсіз ұйымдастырылды деп айтсақ, қате болмас. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүкіл халқымызға азаматтық кемелдік танытып, жаңару стратегиямызды қолдағаны үшін мың да бір алғысымды айтамын. Сайлау кезінде бір топ байқаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар өте тиімді жұмыс істеді. Оларға да зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне рахметімді айтамын. Олар өте табанды қызмет атқарды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Президенттің қатысуымен өткен салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері шақырылды. Физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен беделді білім сайысында топ жарған жеңімпаздардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері.

Құрылтай сайлауы

2026 жылдың 1 шілдесінде 15 наурызда өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Осыдан кейін Мәжіліс пен Сенат өз жұмысын тоқтатты, ал олардың депутаттары таратылды.

Жаңа Конституцияда бірпалаталы Парламент – Құрылтай қарастырылған. Ол бес жылдық мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтайға сайлау өтті.