”Ұйғыр болсам да туған тілімді білмеймін”: Актер Асылбек Боранбаевтың әйелі құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ұйғыр болсам да туған тілімді білмеймін”: Актер Асылбек Боранбаевтың әйелі құпиясымен бөлісті

”Ұйғыр болсам да туған тілімді білмеймін”: Актер Асылбек Боранбаевтың әйелі құпиясымен бөлісті

Танымал актер Асылбек Боранбаевтың жұбайы Гүзел Ушурова өзінің білім жолы, кәсіби біліктілігі мен қазақ тіліне деген махаббаты туралы айтып берді.

  • 25 Тамыз
  • 1
Screenshot

Бұл туралы ол “Menin omirim” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Мен өзім қазақ мектебін бітіргенмін. Анам — қазақ, ал әкемнің тегі аралас. Сондай-ақ мен — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Қазақ әдебиеті бойынша кандидаттық диссертация қорғағанмын, филология ғылымдарының кандидатымын. Иә, кейде кейбір қазақтардың өзіне қазақша үйретіп жіберетінім бар”, — деді Гүзел Ушурова.

Сондай-ақ, әйгілі актердің жұбайы ана тілін білу деңгейі туралы да айтып өтті.

”Оның үстіне, өз шаңырағымызда мұсылмандық пен қазақы салт-дәстүр берік сақталды. Тәрбиенің бастауы — ана ғой. Анам кішкентайымыздан үлкеннің жолын кеспеуді, үлкенді сыйлап, құрмет көрсетуді бойымызға сіңіріп өсірді. Сондықтан келін болып түскенде сәлем салу, үлкендерді құрметтеу маған ешқандай қиындық тудырған жоқ. Өйткені мұның бәрін бала кезімнен көрдім, біліп өстім”, — деді Асылбек Боранбаевтың әйелі.