"Негізгі құрамдағы бірінші ойыншы болу керек": Ағылшын жанкүйерлері Дастан Сатпаев туралы не жазып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 455.4
  • 526.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Негізгі құрамдағы бірінші ойыншы болу керек": Ағылшын жанкүйерлері Дастан Сатпаев туралы не жазып жатыр

"Негізгі құрамдағы бірінші ойыншы болу керек": Ағылшын жанкүйерлері Дастан Сатпаев туралы не жазып жатыр

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сатпаев Англия чемпионатындағы кезекті кездесуінен кейін жергілікті жанкүйерлердің ықыласына бөленді.

  • 3 Қыркүйек
  • 1
Фото: "Бернли" ФК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сатпаев «Бернли» сапында Чемпионшиптің кезекті турында «Мидлсброға» қарсы матчқа қатысты. Қазақстандық шабуылшы алаңға негізгі құрамнан шығып, 80 минут бойы ойын көрсетті. Ол алаңда болған уақытында қарсылас қақпасына екі рет дәл соққы бағыттады. Сонымен қатар оның берген пастарының 94 пайызы дәл шықты.

Матч қорытындысы бойынша кездесудің үздік ойыншысына берілетін ресми марапат қазақстандық футболшыға табысталды. «Бернли» клубының баспасөз қызметі бұл жетістікке арнайы жазба арнады.

Бұл Сатпаевтың ағылшын клубы сапындағы алғашқы жеке марапаты болды.

Матчтан кейін жанкүйерлер арасында қазақстандық ойыншының өнеріне қатысты қызу талқылау жүріп жатыр . Әлеуметтік желідегі талқылауларда бірқатар «Бернли» жанкүйері Сатпаевты команданың «Best player», яғни «Үздік ойыншы» деп атады.

«Сатпаев — чемпионаттағы ең үздік ойыншы, оған талас жоқ. Ол бізді жалғыз өзі алға сүйреп келеді»

«Сатпаев әр апта сайын команданың негізгі құрамындағы бірінші таңдалатын ойыншы болуы керек. Команданы оның айналасына құру қажет»

“Сатпаевтың ойынын тамашалаудың бір ерекшелігі — оны алаңның қай позициясында және қалай тиімді пайдаланған дұрыс екенін анықтау қиын. Өйткені ол шабуылдағы барлық міндетті жоғары деңгейде атқара алатындай көрінеді”

Жас футболшының алаңнан ауысқан сәтінде жанкүйерлер оны қошеметпен шығарып салды. Бұл Сатпаевтың команда жанкүйерлерінің арасында біртіндеп танымал болып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. Сатпаев үшін бұл Англия чемпионатындағы кезекті тәжірибе болды.

Айта кетейік, 18 жастағы шабуылшы «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алынған. Чемпионшиптің төрт турынан кейін «Бернли» екі ұпай жинап, ағылшын футболының екінші деңгейіндегі турнир кестесінде 23-орында, яғни соңғы орынның алдында тұр.