Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан әйелін пышақтап өлтірген: 54 жасар әйел ауруханада жан тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 455.86
  • 528.84
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан әйелін пышақтап өлтірген: 54 жасар әйел ауруханада жан тапсырды

Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан әйелін пышақтап өлтірген: 54 жасар әйел ауруханада жан тапсырды

Түркістанда отбасылық жанжалдан кейін ер адам 54 жастағы әйелін пышақтап, ауыр жарақаттаған. Әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

  • 4 Қыркүйек
  • 4
Фото - Telegram Криминальный Казахстан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Көршілердің айтуынша, жарақат алған әйелді алғаш болып оның кіші ұлы көрген. Анасының дауысын естіген жігіт бөлмеден шыққанда, оны қансырап жатқан жерінен байқаған. Ол дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Ерлі-зайыпты шамамен 25 жыл бірге тұрған. Олар төрт бала тәрбиелеп өсірген. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін әйелдің күйеуі де өзіне жарақат салып, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Ер адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынған. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.