Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Видеода тележүргізуші ұлы Сағадаттың мектеп бітіруіне орай өзіне жазған хатын оқып берді. Анасына арналған жүрекжарды хатты оқыған сәтте Ләйлә Сұлтанқызы толқып, көзіне жас алды.
Тележүргізушінің оқырмандары оның бұл сәтіне жылы пікірлерін білдіріп, ана мен бала арасындағы ерекше байланысты атап өтті.
”Айып етпеңіздер… Кейін архивке салармын. Көп сөзге, артық іске жоқ ұлдарымның мектеп бітіргенде жазғаны. Бұл – Сағадаттың хаты. Бірінші бөлім. Сардардың хатын жариялауды әлі ойлап жүрмін. Рас, екеуі де әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді. Қазір өздерінше маған қорған, қамқор болып жүр. Құдайдан тілерім бір-ақ нәрсе – тіл-көзден аман, дендері сау болсын”, — деді Ләйлә Сұлтанқызы.