Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 456.56
  • 530.52
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.

  • 4 Қыркүйек
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру мен «Таза Қазақстан» бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді.