Ол оның концертін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды.
«Энрикенің концерті ұнаған жоқ, кәдімгідей ашығын айтайын. Біріншіден, 8 деп тұр. 8-де емес, 9-дан өте басталды. Мен өзім соны біліп, 8-де келдім. Соның өзінде 1 сағат тұрдық, ойлаңыздар 7,6-да келгендер бар, олар неше сағат күткенін.
8-де басталып, 10-да бітіп қалды. 1-ақ сағат болды. Ана жерде енді-енді қызып жатқан кезде, неше түрлі әндерді айтқан да жоқ. Сосын көп жерде нотаға түспеді, сондай байқалды. Екіншіден, дыбыс, микрофон, колонкалардың барлығы дұрыс болған жоқ. Бәрі жаңғырып тұрады, не айтып жатқаны белгісіз.
Үшіншіден, Иглесиас өлең айтқан жоқ, жартысынан көбін айтқан жоқ. Халыққа микрофонды береді, өзі ары-бері жүреді, мода көрсеткендей. Жалғыз мен емес, бәрі соны айтып жатыр», — деді ол.