"Реванш бола ма": Мұхит Амантаев Әнуарбек "Мотиваторға" қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 454.31
  • 528.04
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Реванш бола ма": Мұхит Амантаев Әнуарбек "Мотиваторға" қатысты мәлімдеме жасады

"Реванш бола ма": Мұхит Амантаев Әнуарбек "Мотиваторға" қатысты мәлімдеме жасады

Боксшы, бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Амантаев "Мотиватор" Әнуарбекпен жекпе-жектегі жеңілісіне қатысты пікір білдіріп, реванш міндетті түрде өтетінін мәлімдеді.

  • 7 Қыркүйек
  • 8
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол «Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында жеңілістен кейінгі көңіл күйін айтып берді.

«Әрине, жеңілгеннен кейін кез келген спортшы жаман сезімде болады. Бәрі Алланың қалауымен. Қолдан келгенше барымды салдым. Қатты жеңгім келдім. Бірінші раундта құлатқаннан кейін өз-өзімді ұстай алмай қалдым, басым істемей кетті. Рингте «құлатам, сындырам» деген ой өзіңе қарсы жұмыс істеп кетеді. Баспасөз конференциясында оған «Менің алдымда тұратын болсаң, сындырамын, тек қашпашы» дедім. Жеңіске деген тым қаты құлшыныс өзіме қарсы ойнап, жеңіліп қалдым. Әнуарбек туралы жаман нәрсе айтқым келмейді. Сол күн соның күні болды. Әйтпесе, оның бокстағы деңгейі төмен», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол Әнуарбектің спорттық деңгейіне қатысты пікір білдіріп, оның соққысы ауыр екенін мойындады.

«Әнуарбекке Алла тағала сана-сезім берсін. Былай сөйлессең, түсінігі бар деп қаласың. Камера қосылса, қатты қуып кетеді. Актер болудың қажеті жоқ. Ол боксшы ретінде төмен деңгейде. Егер ол мені алдап, боксшы ретінде шеберлігін көрсетсе, «Мені шынымен ұрды, қателесіппін. Боксшы ретінде мықты жігіт екен» деп айтатын едім. Соққысы ауыр, оны мойындаймын. Бірақ ол жерде тестостеронның рөлі бар. Алдыңғы қолымен ұрғанның өзінде отырып қалып жаттым. Анау-мынау соққыға отыратын адам емеспін. Өзімді ақтап жатқан жоқпын. Тестостеронын салып жүре берсін. Бізде Құдайдың берген күші бар. Адалдық алға басады. Өзімдікін міндетті түрде аламын. Хайпы, гонорары бітеді. Жұмысы, ештеңесі жоқ. Тестостерон салуға ақша керек, үнемі салмаса, денесі салбырап қалады. Бәріне ақша керек. Қайтадан маған тиіседі», — дейді Мұхит Амантаев.

Боксшы реванш өткізуге ниетті екенін айтып, кейін үшінші жекпе-жек ұйымдастыруды да жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Реванш міндетті түрде болады. Ол жерде қолғаппен жұдырықтасамыз. Сол жерде мені жеңіп кетсе, «мықты екенсің» деп мойындаймын. Сосын жалаң жұдырықтасатын тағы бір кездесу жасап, бұл сұрақтың нүктесін қоямын. Сонда Қазақстанда болмаған трилогия болады. «, — дейді ол.