Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Жұлдызды жұптың ажырасқаны рас па?
Ел арасында қос өнер иелерінің ажырасқаны туралы ақпарат жиі тарайтын еді. Актриса көп ұзамай желіде үндеу жазып, күйеуімен ажырасқанын растаған еді. «Еріңе сенбе, екі босағаңа сен» деген қазақтың нақыл сөзін енді ғана түсінгендеймін. 1 айдай болды, 4 балам жанымда. Оған дейін екі кішкентай 1 ай әкесінде болған. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен. Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көшіп кеттім. Қиындықтар бітін келді, алдағы уақытта бөлісемін», — деп жазды ол.
Актрисаның бұрынғы күйеуі не деді?
Актрисаның бұрынғы күйеуі Абай Абай Асылхан бұлай болатынын білмегенін, қазір мансап жасау жолында екенін түсіндірген болатын.
«Мен бұлай болады деп ойламадым. Адам болған соң, армансыз тұра алмаймыз. 4 жыл музыка саласы, 4 жыл актерлік, 2 жыл театрда қызмет ету, фильмдерге түстім. Димаш Құдайбергеннің концертін жүргізіп, кәсіпкерлер мен эксперттерге сенімді сөйлеуді үйретіп жүрмін. Иә, өмір күрес. Мұның бәрі — бұл бала Абайдың арманының орындалғаны. Ринг-анонсер болу — асқақ арманымның бірі еді. Орындалды. Шаршы алаңда тұрып, мықтыларды хабарлау… Бұл жаңа деңгей! Сондықтан, арманда, әрекет ет! Арманға деген жол, ешқашан адастырмайды», — деп жазды ол.
Актрисаның хиджабсыз алғашқы сұхбаты: оның адам танымастай өзгергені рас па?
Актриса күйеуімен ажырасып, хиджабын шешкен соң, алғаш рет ел алдына шығып, сұхбат берді. Отбасындағы кикілжің туралы ол былай деді:
«Өте қатты қиналдым, қатты сағындым десем де болады. Біз үлкен отбасылық дағдарысты бастан кешіріп жатырмыз», — деген ол.
Көпшілік актрисаның жаңа образына қуанып, жылы тілектерін жаудырып жатыр.
