"Бір жерде суретке түседі, не болса да бір Аллаға мәлім": Аша Матайдың күйеуі тағы да ел назарына ілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.56
  • 512.34
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір жерде суретке түседі, не болса да бір Аллаға мәлім": Аша Матайдың күйеуі тағы да ел назарына ілікті

"Бір жерде суретке түседі, не болса да бір Аллаға мәлім": Аша Матайдың күйеуі тағы да ел назарына ілікті

Әнші Аша Матай мен оның күйеуі Арман Қоңыр бірнеше күн бойы елдің қызу талқысына түскен.

  • 21 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/armankonyr

Оған себеп, әншінің күйеуінің басқа бір бойжеткенмен көзге түсуі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса, әншінің күйеуі Арман Қоңыр белгісіз бойжеткенмен бірге көзге түскен еді. Көпшілік жұлдызды жұп ажырасты деп, түрлі қауесет таратқан болатын.

Десе де, Арман Қоңыр аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Бүгін бұл жерден фото Instagram-ға салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін», — деп жазды ол.

Көпшілік оның бұл жазбасын да қызу талқыға салды.

Әншінің отбасына қатысты қаңқу сөзге оның қарындасы да жауап берді. Әйгерім Қоңырбаева желіде пікір қалдырған.