Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.44
  • 514.81
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 2026 жылғы 21 қыркүйекте Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке Талғат Ерсейітов келді. Тиісті өкімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қол қойды

  • 22 Қыркүйек
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратта айтылған:

«Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Талғат Аманбайұлы Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды».

Талғат Ерсейітов еңбек жолын жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде Астрахан ауданында бастаған. 2009-2012 жылдары аудан әкімінің орынбасары, ал 2012-2017 жылдары Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Есіл ауданының, 2019-2023 жылдары Буланды ауданының әкімі болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Талғат Ерсейітов Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды. Бұл ауданға ол 2023 жылғы қараша айынан бері жетекшілік еткен.