Қазақстан Ауғанстанға 21 млн долларға бидай мен күнбағыс майын жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 440.86
  • € 500.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ауғанстанға 21 млн долларға бидай мен күнбағыс майын жеткізеді

Қазақстан Ауғанстанға 21 млн долларға бидай мен күнбағыс майын жеткізеді

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 581,1 млн доллар болды

  • 1 Қазан
  • 4
Фото: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық компаниялар Герат қаласындағы бизнес-форумда Ауғанстанға 21 млн долларға бидай мен күнбағыс майын жеткізу туралы келісім жасады, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.

Казахстанские компании договорились о поставках пшеницы и подсолнечного масла в Афганистан на $21 млн - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026

Қазақстандық компаниялар Ауғанстанға 21 млн долларға бидай мен күнбағыс майын жеткізу туралы келісім жасады

Фото: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық WAYSTAR және Kim Rail International компаниялары ауғандық OSMAN KHALID компаниясымен бидай жеткізуге қатысты жалпы құны $11 млн болатын екі келісімшартқа қол қойды.

«Сонымен қатар Қазақстанның Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының қатысуымен құны шамамен $10 млн болатын күнбағыс майын жеткізу туралы келісім жасалды. Сапар аясында «Хаф–Герат» теміржолының үшінші учаскесінің ашылу рәсімі де өтті. Оның құрылысына қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС қатысты», — делінген хабарламада.

Қазақстандық делегация Герат провинциясындағы индустриялық аймақтың өндірістік әлеуетімен де танысты.

«Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда көлемі де өсіп келеді. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $581,1 млн болды. Бұл 2025 жылдың бүкіл қорытындысындағы $541,6 млн көрсеткіштен жоғары», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның Ауғанстанға экспортында ұн, бидай, күнбағыс майы, металл өнімдері және минералды тыңайтқыштар негізгі орын алады.