“Оның үйінен қашып кеткенмін”: Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы отбасылық өмірі туралы сыр шертті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.73
  • € 502.98
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Оның үйінен қашып кеткенмін”: Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы отбасылық өмірі туралы сыр шертті

“Оның үйінен қашып кеткенмін”: Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы отбасылық өмірі туралы сыр шертті

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат 16 жасында тұрмысқа шығуы туралы алғаш рет ашық айтты.

  • 5 Қазан
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сымбат әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Мұстафаның өзін алып қашқанын, кейін бұл жағдайға әкесі рұқсат бергенін айтты.

«Мен 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызымын. Күйеуге шығамын деп ойлаған жоқпын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Мұнымен желіде бөліскен жоқпын. Мұстафа мені алып қашқаннан кейін оның үйінен қашып кеткен болатынмын. Содан кейін олар әкемнің алдына келіп, рұқсат алды.

Ешқандай өкініш жоқ. Күйеуім екеуміз қызықтың бәрін бірге көріп жүрміз. Маған ешқандай шектеу қоймайды. Атам мен енем де керемет жандар. Ең бастысы, 18 жасымда балам бар. Үйде қамалып отырған жоқпын», – деді Сымбат.