«Қазір Қазақстанға әкелініп жатқан бүкіл ашық мұнай өнімдері мұнай мөлшерінде есептеледі және Ресей Федерациясының бюджетіне төлеу арқылы өтеледі. РФ есебіне қарағанда, қазіргі күнде Қазақстанға әкелінген мұнай өнімдері бойынша 2012 жылы РФ бюджеті экономикалық алым төленбегендіктен 500 млн доллар жоғалтты, формулаға салып есептесек, бұл 1,2 млн тонна шикі мұнайды құрайды. Мұны Қазақстан РФ-на өтеп беруге тиіс», деді ол Астанада бейсенбіде «Орталық Азиядағы мұнай өнімдерінің рыногы» деп аталатын халықаралық конференцияда сөйлеген кезінде.
Қыркүйекте Ресей және Қазақстан мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойған.