Сынақтан сүрінгендер пагондарынан айырылып қана қоймай, жаппай жұмыстан қуылады. Ендігі жерде сарбаздарды шекара бөлімдеріне қабылдау тәртібі де қатайтылмақ. Тіпті шекара шебін қорғауға алынатындар детектор құрылғысы арқылы тексеруден өткізілмек. Ал «Арқанкергендегі» қанды қырғын мен «Терісайрық» заставасынан 11 сарбаздың қашып кету оқиғаларынан жауапты шенділер сабақ алғандарын мойындап отыр. Енді осындай дүрбелеңді болашақта болдырмас үшін 20 жылдан бері бірде-бір түзету енгізілмеген «Мемлекеттік Шекара туралы» жаңа заң жобасын әзірлепті. Бүгін құжатты талқылаған депутаттар стратегиялық маңызды нысандарды қолына қару ұстауды әлі дұрыс үйренбеген 18 жастағы бозбалалар емес, келісім-шарт бойынша қызмет ететін тәжірибелі әскерилер күзетуі керек деп дабыл қақты. Бірақ соңында өзгеріс енгізілген заңды қолдап бірауыздан бекітіп берді. Ал құзырлы орган ескірген құрал- жабдықтарын ауыстыру мен жаңадан заставалар салуға қазынадан млрд-таған қаржы сұрап отыр.
Тұрғанбек Стамбеков, ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы:
— Шекараны нығайту үшін бюджеттің ақшасы керек. Бүгінгі жағдай техникалық байланыстар түрлі проблемалар бар.