Бұл туралы Ресей жаңалықтар агенттігі «Совком» аукциондық үйінің басшысы Юрий Тютиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Аталған қуыршақтармен бірге бәссаудаға мультипликациялық фильмдегі Лариса егеуқұйрығы да шығарылып отыр. Қуыршақтардың барлық жиынтығы 1,5-2 миллион рубльге бағалануда. Аукцион 11 желтоқсан күні өтеді.
Мультфильмнің кейіпкерлері түсірілімдер барысында мыңдаған қимылдар жасағаны белгілі. Көптеген қуыршақтар түсірілімнің соңында сынып, жарамсыз күйге түсіп отырған. Дегенмен, аукционға Чебурашка туралы 1970 жылдары түсірілген мультфильмдерден кейін «тірі» қалған қуыршақтар шығарылады.