Дүйсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, олар өткен жексенбіде Астанада уақытша тұрып жатқан пәтерден ұсталған.
«Пәтерді қарау кезінде полиция 2 патроны бар «ОСА» маркілі тапанша, 12 калибрлі 4 патрон, «ТТ» маркілі тапаншаның 3 патроны, Калашников автоматының 5,45 калибрлі 6 патроны, 4 пышақ салынған пакет тапқан», делінген хабарламада.
Республика Қылмыстық кодексінің 251 бабы бойынша (қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау ) қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.