Петропавлдағы әйелдер колониясында арулар байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдағы әйелдер колониясында арулар байқауы өтті

Петропавлдағы әйелдер колониясында арулар байқауы өтті

Петропавлда әйелдерге арналған колонияда «Түзету  мекемесінің аруы» атты байқау өтті. Түрме әкімшілігі мереке қарсаңында жазаларын өтеп жатқан нәзік жандылардың көңілдерін осылайша көтеруді ұйғарыпты.   

  • 7 Наурыз 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz

Мұнда 200-ге жуық әйел жазасын өтеп жатыр. Бірақ олардың арасынан 10 қыз-келіншек ғана байқауға қатысуға тілек білдіріпті. Айта кетерлігі, мекеме бастығы да әйел. Полковник Бибігүл Мансұрова бұл колонияны бұрыннан басқарады. Сайыс «Өзін өзі таныстыру», «Өнерім бар», «Дефиле» және «Түнгі ертегі» сынды байқаулардан тұрды. Оған қажетті киімдерді жазасын өтеушілер қолда бар материалдардан өздері тіккен. Бас жүлде 10 мың теңге. Оны заңгер және экономист деген екі жоғары білімі бар, бірнеше шет тілінде еркін сөйліп, талай музыкалық аспапта еркін ойнай білетін Құралай Нұрғожаева жеңіп алды. Абақтыға ол алаяқтық әрекеті үшін түсіпті.


Құралай Нұрғожаева, жазасын өтеуші:

— Қалай болса да, болашаққа үмітімізді үзбей, әрдайым әдемі, әрдайым әйел болып қала бергіміз келеді. Айналамыздағы қыздар үшін өзіміз үшін, намысқа тырысып, осылай өнерімізді көрсетіп жатырмыз.