Тоғыз сағатқа созылған талқылаудан соң Үндістан парламентінің төменгі палатасы кедейлерді арзан тамақпен қамсыздандыру үшін 18 млрд доллар бөлу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады ВВС.
Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі заңы оны жоғары палата мақұлдап, артынан президент қол қойған соң күшіне енеді.
Құжатқа қарағанда, үнділік азаматтардың шамамен 70%, яғни 800 млн адам арзан бидай мен күрішке қолжетімді болмақ.
Үндістанның жалпы халқын халықаралық ұйымдар1,22 млрд адам деп бағалап отыр.
Сыншылдар азық-түлікке субсидия бөлу бағдарламасын Үндістанды құлдырататын популистік қадам ретінде бағалап отыр. Оны жақтаушылар болса кедейшілікке қарсы күрестегі елеулі қадам деп санауда.