"Азия Авто" көлік құрастырушы зауыт (Шығыс Қазақстан облысы) жаңаланған лифтбэк пен Skoda Superb универсалы өндірісін бастады, деп хабарлады сейсенбіде кәсіпорыннан.
Биыл сәуір айында Skoda Superb жаңаланған версиясы Шанхайда автошоуға шығарылған болатын. Чехия мен Үндістаннан кейін "Азия Авто" осы көліктің жаңа версиясы шығарыла бастаған әлемдегі үшінші кәсіпорын болып отыр.
Модельге жарақтандырудың үш деңгейі тән: Active, Ambition және Elegance.
"Азия Авто" зауыты 2002 жылы құрылған. Оның әріптестері ішінде Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan, "АвтоВАЗ" және KIA Motors концерндері бар.