18 жасар мерген үйлену тойда күйеу жігітпен бірге жеті қонақты бір оқпен атып жаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
18 жасар мерген үйлену тойда күйеу жігітпен бірге жеті қонақты бір оқпен атып жаралады

18 жасар мерген үйлену тойда күйеу жігітпен бірге жеті қонақты бір оқпен атып жаралады

Бүгін түнде алкогольдік ішімдіктен аздап ұрттаған Туғыл кентінің тұрғыны аңшы мылтығымен тойға келіп, дәмхананың алдындағы тұрған қонақтарды атып түсірген. Жеті адам бытыралы жарақат алды. Соның ішінде күйеу жігіт те бар. 18 жастағы мерген шарбақтың артында тұрып, шамамен 20 метр қашықтықтан атқан.

  • 27 Тамыз 2013
  • 699
Фото - Caravan.kz

23-25 жас аралығындағы жараланғандардың алтауы жеңіл жарақаттанған, бытыра олардың аяқтарына және жамбастарына тиген. Бәріне медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал 38 жастағы ер адамға оқ кеудесіне және ішіне тиді. Оған Ақжар ауылының ауруханасында операция жасалды, қазіргі уақытта өміріне қауіп жоқ, деп хабарлады полицияда.

Полицейлер оқиға орнынан гильза мен сол жерге жақын маңда 12 калибрлі тегіс оқпанды аңшы мылтығы тапқан. Оқ дәл осы мылтықтан атылған.

Мергеннің жеке бас мәліметтері бірден анықталды: ол Тарбағатай ауданы Туғыл кентінің 18 жасар жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұзақыны іздеп табу да көп уақытты алмады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның ұстаған мылтығы заңсыз болып шықты.


Оқпен атылатын мылтықты қолданумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.