Үкімет халықты энергия көзін үнемдеуге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет халықты энергия көзін үнемдеуге шақырады

Үкімет халықты энергия көзін үнемдеуге шақырады

Жарық сөнбесін десеңіз, үнемдеңіз! Таяу уақытта елімізде энергия көзін үнемдеу жұмыстарын бақылайтын арнайы штаб құрылады. Ол ірі кәсіпорыннан бастап қараша халықтың электр жарығын қалай қолданып отырғанын тікелей бақылауға алмақшы.

  • 28 Тамыз 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz

Бұл мақсатқа тіпті 150 млн. теңге бөлініп те қойған. Жаңа штаб өкілдері әр үйді аралап, энергия үнемдейтін шамдардың қойылуын тексеріп шығуы да ғажап емес. Тіпті, түнімен жанып тұратын құрылыс алаңдары, ірі өнеркәсіп орындарына да энергия көзін үнемдеу міндеттелмек. Бұл өзгерістің бәрі «Электр көзін үнемдеу 2020» бағдарламасына еніп отыр. Енді осы бағдарлама аясында әкімдер мен ірі кәсіпорын басшылары тоқсан сайын Үкімет басшысына есеп беріп отырмақ. Аталмыш бағдарламаның нақты жүзеге асуына Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауап беретін болады.


Нұрлан Сауранбаев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі:

— Әр мекеме, әр жанұя осы үнемдеуге жұмыс істеу керек. Бағдарламаның 2 жағы бар: ол үкіметтің жұмысы, екінші жағынан тұрып жатқан азаматтардың ұмтылатын мәселесі басқа болуы керек.