Полициядан қашқан мотоциклші жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полициядан қашқан мотоциклші жол апатына ұшырады

Полициядан қашқан мотоциклші жол апатына ұшырады

Павлодарда мотоциклші барлық тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды. Вокзалда темекі тұқылын тастаған бұзақыны, құдды бір лаңкестей көріп, оны ұстауға полицияның барлық көліктері жұмылдырылды. Ақыры заң өкілдерінен жан ұшыра қашқан жүргізуші патрульдік машиналардың біріне соғысып барып бір-ақ тоқтады.  

  • 28 Тамыз 2013
  • 394
Фото - Caravan.kz

Вокзалдағы бақылау камерасынан екі жігіттің темекі тұқылын жерге тастап жатқаны анық көрініп тұр. Бұны байқаған тәртіп сақшылары бұзақыларды ұстамақ болады. Алайда мотоциклге мініп, жалмажан қаша жөнелген. Олардың соңына барлық қызметтік көліктерді жұмылдыруға тура келді. Ақыры қуғын жол апатымен аяқталды. Патрульдік көлік мотоциклдің артқы дөңгелегін жаншып, оны тақымдаған жігіттерді жазым қыла жаздады. Енді олар темекі тұқылын тыйым салынған жерде тастағаны әрі жол апатына себепкер болғаны үшін де жазаланбақ.


Иван Павлов,
Павлодар қаласының тұрғыны:

Егер мен темекі тұқылын лақтырсам, осылайша өмірімді тәуекелге тігер ме  едім? Артымнан бандиттер қуып келе жатыр деп ойладым.