Азаматша нағашысын өлтірген сәтінде небәрі 17 жаста болған екен. Айтуынша, 40-ғы жігіт жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болыпты. Үздіксіз мазасын алған соң, ақыры шыдай алмай нағашысының шайына ұйықтататын дәрі қосып беріп, артынан бауыздап тастаған. Ал мәйітін өртеп, қалдығын ауладағы шұңқырға көміпті. Бір қызығы жігіттің 14 жыл бойы із-түзсіз жоғалғанын туыстары іздемеген. Азаматша полицияға өзі келген соң ғана қанды қылмыс әшкереленіп отыр. Қазір 4 баланың анасы атанған келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.