Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы С. Сәдуақасов 11 миллион теңгені жымқырды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы С. Сәдуақасов 11 миллион теңгені жымқырды

Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы С. Сәдуақасов 11 миллион теңгені жымқырды

Мемлекет қаржысын қымқырған атыраулық шенеуніктер қатары тағы толықты. Бұл жолы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Серік Сәдуақасов құрыққа ілініп отыр. 

  • 28 Тамыз 2013
  • 592
Фото - Caravan.kz


Оған Атырау қаласындағы несиелік тұрғынүйдің құрылысына бөлінген қаражаттан 11 миллион теңгені өз қалтасына басқан деген айып тағылуда. Сонымен қатар, құлқыны кең атқамінер заңсыз кәсіпкерлікпен де айналысқан. Яғни,  2009 жылы өзінің туысына тиесілі «Атырау Құрман құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып келіпті. Қазір Сәдуақасов қамауда отыр.