Қаржы полициясының қызметкерлерін көрген салықшы бастапқыда ізін суытпақ болған. Бірақ кейін ойынан айнып, өз еркімен берілді. Анықталғандай құрыққа ілінген басшы бухгалтерлік құжаттарды саудалап, жалған кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуге көмектесіпті. Ал өз қызметін жалпы сомманың 8 пайызына бағалаған. Парақорлық қолындағы сөмкеден 50 миллион теңге табылды.