АҚШ Сирия билігіне қарсы әскери операция жүргізу туралы нақты шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үй өкілі Джей Карни мәлім етті.
«Президент Барак Обама Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен бірге әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатыр. Процесс жалғасуда», — деді ол.