Үйіңіз үлкен болса, салықты да көп төлейсіз - Е.Досаев - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйіңіз үлкен болса, салықты да көп төлейсіз - Е.Досаев

Үйіңіз үлкен болса, салықты да көп төлейсіз - Е.Досаев

Жеке мүлікке салынатын салық сол мүліктің санатына қарай көтеріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

  • 28 Тамыз 2013
  • 435
Фото - Caravan.kz


«Біз мүлікке салынатын салықты екіге бөлдік. Біріншісі -150 шаршы метрден кем емес үйлер, ал екіншісі — одан төмен жылжымайтын мүлік. Бірақ 150 шаршы метрге дейін де тиісті санаттар болады. Мәселен, 30-45 шаршы метрге дейінгі баспаналардан бастап жоғары кете береді. Біздіңше, салық жекеменшікте бар жылжымайтын мүліктің көлеміне қарай төленуі тиіс. Үйіңіз үлкен болса, салықты да көп төлейсіз», — дейді Е.Досаев.