Алдағы уақытта Қазақстанда планшет,ноутбук, смартфон шығару көзделмеген, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау.
"Өйткені рынокта өндіруші елдердің планшет, ноутбук, смартфондары көп-ақ және бренд иелері -компаниялардың тарапынан ондай қызығушылық жоқ", деді ол.
Алдында планшет компьютерлерінің өндірісі туралы "CaspiyElectronics" ЖШС мәлімдеген. 2011 жылдың соңында "Ақтау теңіз кемежайы" еркін экономикалық аумағында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған телекөпір барысында қазақстандық "Аққу" брендімен планшеттік компьютер, телевизор және монитор шығаратын Caspiyelectronics зауыты пайдалануға берілген болатын.
Алайда,А.Раудың айтуына қарағанда, Қазақстанда 2007 жылғы 6-шілде күнгі "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң және оған қатысты нормативті құқықтық актілер күшін жойған. Демек, бұл аймақта "CaspiyElectronics"-ге қызмет жүргізуге құқық беретін ержелер де күшін жойған.
Бірінші вице-министр Қазақстандағы IT рыногының басқа да мәселелерін сөз етті.
"Рыноктың негізгі мәселесі, Тайвань мен Қытайға қарағанда Қазақстанда жалақы деңгейінің жоғары болуы", деді ол.