Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Instagram желісінде жариялаған видеосында соңғы уақытта тойлардың ғана емес, ас беру рәсімдерінің де бәсекеге айналып бара жатқанын айтып, мұндай әрекеттердің қоғамға кері әсер ететінін жеткізді.
“Тойдағы артық дүниелерді азайтайықшы деп қақсап жатсақ та, біз жақта одан әрі көбейтіп жатыр. Тәтті шәй деген де шықты. Тойға келгенде біздің фантазиямыз сұмдық. Тәтті шәйға барудың өзін әйелдер қиындатып жіберді. Тәтті салынған корзина алып барасың, олар да әкеледі. Оның арты би болып, кішігірім той болып кетті. Не болды? Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман деп, бізде астың өзін той қылып жіберіп жатыр. Масқара! Кішкентай бала өмірден өтсе, елге сөз беретін болды. Масқара ғой, ұят қой! Жүрегім ауырады. Түк көрмей өмірден өткен 10-11-дегі баланың асында не деп сөйлейсің?! Бұл не сұмдық? Ақсақал, жазушы өмірден өтсе, соны еске алып сөйлесе бір жөн. Аста ән салып жатыр. Қайтыс болған кісінің жақсы көретін әндері деп ән салып жатыр. Сонда біз содан не тауып жатырмыз? Неден рахат іздеп кеттік? Осы қаншалықты дұрыс, айналайын халқым? Біз қай деңгейге кеттік?”, – дейді ол.
Желі қолданушыларының басым бөлігі блогердің пікірін қолдап, той мен қаралы жиындардағы орынсыз ысырапты тоқтату керек екенін жазды.
«Осы Шымкент пен Тараз ғой бастап жатқан. Бізде солтүстікте ондай ысырап жоқ», «Соның барлығы ұят боладыдан басталған жарыс», «Шын осының бәрі маған керек емес. Ертең маған да өзім секілді ойлайтын құда құдағилар жолықса екен», «Одан да екі жасқа үй алып беру керек», «Аста ән салу деген құрдымға кеткеніміз екен», — деп жазды олар.